365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында 90-нан астам ұстаздар әулеті бар

  • 173
  • UPD: 11:15, 06.10.2018

Қарағанды облысында бір отбасының бірнеше буыны ұстаз мамандығын таңдаған 90-нан астам ұстаздар әулеті бар.

Жазира Сәдуова – 40 жыл бойы мұғалім болып қызмет еткен әкесінің жолын қуған білікті маман. Қазір Сәдуовтер әулетінде 13 мұғалім бар. Алғашқы он жылда физика пәнінің мұғалімі болған Жазира кейінгі 20 жылда біліктілігін шыңдап, экономика және қаржылық сауаттылық пәнінен сабақ беріп жүр. Сүйікті ісінің жемісін де көріп жүрген мұғалім «Тіл жанашыры» «Құрмет» белгісімен марапатталған. Ол соңғы жылдары жоғары сынып оқушыларына экономика есептер жинағын жарыққа шығарды.

Жазира Сәдуова, Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернат директорының орынбасары:

- Қазіргі заманның талабында мұғалім болудың үлкен мәртебесі бар. Айтады ғой «мұғалім – мектептің жүрегі» деп. Ендеше әр мұғалім мектепке келген әр баланы білім нәрімен сусындатамын десе, ол жаңашыл, іздемпаз, көшбасшы болуы керек. Міне, мұғалімнің негізгі педагогикалық брендтерінің бәрі сақталатын болса, қазіргі оқушыларды тәрбиелеуге үлкен әсері бар.

Валерий Галунов – аграрлық колледжде 45 жыл қызмет етіп жүрген аймақтың үздік педагогтерінің бірі. Соңғы 17 жылда аталмыш оқу орнын басқарып жүр. Бүгінде аграрлық колледж инновациялық оқу орындарының біріне айналды. Оқу орнында жасыл технология орталығы бар. Ал мұндағы жылыжайда студенттер аэропоника құрылғысын меңгеріп жатыр.

Валерий Галунов, Қарағанды агротехникалық колледжінің директоры:

- Біз болашақта жаңа мамандықты ашумен айналысып жатырмыз. Ол аэропондық құрылғылармен жұмыс жасай алатын мамандар. Мемлекеттік жеке серіктестік аясында жүзеге асырамыз. Былтыр сынап көрдік. Біздің жылыжайға 30 аэропондық құрылғы орнатып, жалбыз, насыбайгүл өсірдік. Келесі жылы осы мамандыққа оқытатын топ ашуды көздеп отырмыз.

Колледж студенттерінің қолынан келмейтіні жоқ. Роботты да, тіпті түрлі қалдықтан веломобиль жасап та қойған. Энергия үнемдеуіш құрылғыларды ойлап тапқан. Қазір оқу орнында 500 бала білім алып жатыр. Оның ішінде 75 жетім бала бар.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игликов, Асет Асайынов

Хабар 24 телеарнасы