366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшы: Мемлекеттік қызметті оңтайландыру өзге қоғамдық бастамаларды жүзеге асыруға көмектеседі

  • 89
  • UPD: 11:12, 06.10.2018

Кадрлық саясатты оңтайландыру және төлем жүйесін реформалау бойынша жобаның арқасында мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 2,5 есеге артуы мүмкін.

Мемлекет басшысы кейбір мемлекеттік органдарда пилоттық режимде инновацияларды енгізудің нәтижелерін жариялады. Атап айтсақ, Маңғыстаудағы мемлекеттік қызметтің тартымдылығы туралы пилоттық жоба сөз болды. Бір орынға 16 адам өтініш берген. Жаңа модель мемлекеттік қызметкерлердің жалақысындағы айырмашылығы 70-тен 10%-ке дейін қысқарып, оны 150%-ке ұлғайтты.

Слямжар Ахметжаров, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ ғылыми қызметкері:

- Мемлекеттік қызметті оңтайландыру, ең бастысы, басқа қоғамдық бастамаларды жүзеге асыруға көмектеседі. Қазіргі уақытта халықтың көпшілігі, құзыретті мамандардың көпшілігі жалақының аздығы және басқа да проблемалар себебінен мемлекеттік қызметке баруға мүдделі емес. Мемлекеттік жалдау саясатын жетілдіру жалпы мемлекеттік саясатты жетілдіруге көмектеседі.

Хабар 24 телеарнасы