365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Темірхан Досмұхамедов агроөнеркәсіптегі жаңа технологияның пайдасы жайлы айтты

  • 87
  • UPD: 14:04, 06.10.2018

Елбасы кезекті жолдауында еліміздегі агроөнеркәсіпті жан-жақты дамыту мәселесіне ерекше тоқталды.

Бұл ретте Алматы облысындағы ірі серіктестіктегі өзгелерге үлгі боларлық ілкімді істерді атап өтті. Биыл бұл шаруашылықта 1 гектар жерден 90 центнер бидай, 70 центнер арпа жиналды. Ал жүгері алқабының 1 гектарынан жиналған өнім 18 тоннаны құраса, соядан 5 тоннаға дейін мол дақыл жиналды. Олар мұндай жетістікке италиялық тамшылатып суару және минералды тыңайтқыштарды қолдану әдісі арқылы қол жеткізген. Ал мал шаруашылығында, АҚШ-тағы генетикалық фермамен қарым-қатынас орнатудың арқасында жоғары сұрыпты ұрық сатып алуға мүмкіндік туды. Сөйтіп өнімділігі аса жоғары ірі қара эмбриондары еліміздегі ақ бас сиыр мен ангус аналықтарына салынған. Сол технологияның нәтижесінде биыл 72 бұзау туды. Енді келесі жылдан бастап таналар мен құнажындар күніне 25-70 литрге дейін сүт береді деп жоспарланып отыр.  

Темірхан Досмұхамедов, серіктестік төрағасы:

- Осы технологияларды дұрыс игеріп, малды баға алсақ, бұл – сүт бағытындағы зор жетістік. Қазір сырттан ірі қара алып келу тәжірибесі бар. Алайда сол голштейн төлдерінің 30 пайызы өліп қалатыны жасырын емес. Ал жоғары сұрыпты ұрықты жергілікті аналықтарға салу арқылы біз сапалы әрі жергілікті табиғатқа тез бейімделетін төл аламыз. Сонда мал басы да асылданып, өнімділігі де артады.

Хабар 24 телеарнасы