366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Медициналық қызметкерлердің жалақысы өседі

  • 116
  • UPD: 13:59, 06.10.2018

Медициналық қызмет сапасын арттыру мақсатында саладағы учаскелік қызметкерлердің жалақысын 20 процентке көтеру жоспарланып отыр.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған жолдауындағы бұл бағдарлама 2019-2020 жылдарда жүзеге асатыны айтылды. Яғни келесі жылдан бастап дәрігерлердің орташа жалақысы 144 мың теңгеден 164 мың теңгеге өседі. Ал мейірбикелердің орташа айлығы 101 мың теңгеден 116 мың теңгеге көтеріледі.

2019-2020 жылдарға арналған жоспар:

Дәрігерлердің орташа жалақысын 144 мың тг-164 мың теңгеге өсіру

Мейірбикелердің орташа жалақысын 101 мың тг-116 мың теңгеге өсіру.

Хабар 24 телеарнасы