365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алуа Жолдыбалина ІІМ жүргізген реформа жайлы ойымен бөлісті

  • 105
  • UPD: 15:41, 06.10.2018

«Азаматтар санасында полицейлер жазалаушы емес, керісінше, қиын жағдайда көмек көрсетуші деген түсінік орнығуы керек».

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кешегі жолдауында санаға сіңген оймақтай ойдың бірі осы. Шынында да қоғам кейде тәртіп сақшыларынан үркіп қалатын кезі болады. Себебін іздейтіндер көп. Мемлекет басшысы кәсіби деңгейі төмен мамандарды сынға алды, бес жыл оқып сабылтқанша кейбір елдердегідей полиция академиясында оқытып, сауатты маман тәрбиелеп алу керек шығар дегенді де айтты. Бұл салада бір кілтипанның бары анық секілді. Сарапшылардың айтуына қарағанда, жыл бойы азаматтар, қоғам қайраткерлері және белсенді әлеуметтік желі пайдаланушылары Ішкі істер министрлігінің жүргізген реформасын талқылаған.

Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бөлім басшысы:

- Қазіргі уақытта полицияның стандарттарына және полиция критерийлеріне көбірек көңіл бөлетін реформалар. Енді қызметкерлер азайған жағдайда, сәйкесінше, жоғары талаптар орын алатындығын түсінеміз. Бұл физикалық қана емес, сонымен бірге моральдық және жеке қасиеттер. Бұл өте жақсы шешімді атап өту керек. Егер біз адвокаттарды тарта бастасақ, бұл да тиімді шешімдердің бірі болады. Олар заңды жақсы біледі, жұмыс істеуі әлдеқайда оңай болады.

Хабар 24 телеарнасы