365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғанда «Парасатты полицей» байқауы аяқталды

  • 111
  • UPD: 15:10, 06.10.2018
Талдықорғанда «Парасатты полицей» байқауы аяқталды

Тұтас сала болғаннан кейін еңбегі еленген, шеберлігі мойындалған маман шығатыны заңдылық қой.

Талдықорғанда республикалық «Парасатты полицей» байқауы мәреге жетті. Оған еліміздің әр аймағынан 200-ге жуық полиция қызметкері қатысты. Бірінші орынды Шымкент қалалық Ішкі істер департаментінің командасы жеңіп алды. Ал бас жүлдені Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің командасы қанжығаға байлады. Екінші және үшінші орындарды Қостанай, Маңғыстау, Қызылорда, Ақмола облыстары мен Көліктегі ішкі істер департаментінің командалары өзара бөлісті. Бұлардан өзге шығармашылық аталымдар бойынша да жеңімпаздар анықталып, марапатталды.

Алмас Садубаев, ҚР ІІМ баспасөз хатшысы:

- 21 команда қатысып отыр. Әр облыстың түкпір-түкпірінен келген қызметкерлер өз өнерлерін көрсетті.

Хабар 24 телеарнасы