366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында ардагерлер сынға түсті

  • 145
  • UPD: 18:23, 06.10.2018

Түркістан облысының орталығында 90-ға жуық ата-әжелеріміз спорттың бірнеше түрінен жарысқа түсті.

Киелі шаһарда ер азаматтар қолына ки ұстаса, ақ жаулықты әжелер тоғыз құмалақ пен шахматтан бақ сынады. Облыстың Ордабасы, Отырар, Бәйдібек және Мақтаарал аудандарынан 20-дан астам азамат бильярд жарысына қатысуға ниет білдірген. Мәселен, мақтааралдық Тұрғынбай Қасымбеков – бильярд десе ішкен асын жерге қоятын азаматтардың бірі. Ол спорттың осы түрімен 20 жылдан бері шұғылданып келеді. Ал жарыс соңында ардагерлердің құрметіне мерекелік дастархан жайылып, жеңімпаздарға сый-сияпат көрсетілді. Мерекелік шара барысында өңірдің дамуына үлес қосқан бірқатар белсенді ақсақал облыс әкімдігі тарапынан арнайы марапатқа ие болды. Айта кетейік, бұл жарыс ардагерлердің арасында дәстүрлі шараға айналатын болды.

Тұрғынбай Қасымбеков, зейнеткер:

- Бұл бильярд ойынының ең жақсы пайдасы – адам бильярдтың айналасында көп жүреді. Көптеген қимыл-қозғалыстар жасайды. Оның белге, аяққа, қолға тұз жиналмауына, оның жақсы жұмыс істеуіне өте көп көмегі бар. Барлықтарыңызды спортпен айналысуға шақырамын.

Мұхит Отаршиев, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:

- Жылма-жыл осы азаматтарға қолдау көрсету үшін әртүрлі іс-шаралар өтеді. Ол тек қана бір күнмен немесе бір аймен шектелмейді. Жыл бойы өтеді. Мысалы, біздің «Мейір» деген ардагерлер үйіміз бар. Сол жерде бүгінгі күні 7800-ге жуық ардагер ем қабылдап, демалып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы