366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Б.Әбдірайым: Елбасы Жолдауы – бес бастаманың лайықты жалғасы

  • 245
  • UPD: 18:16, 06.10.2018

Мемлекет басшысының Жолдауы арқылы еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшері 1 жарым есеге артатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бұл бастама 1 миллион 300 мың азаматтың өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді. Бүгін республикалық кәсіподақтар ұйымында Президент жүктеген маңызды міндеттің жай-жапсары талқыланды. Жиынға еңбеккерлер құқығын қорғау, мүддесін ескеру мәселелері де арқау болды. Мамандардың айтуынша, Елбасы Жолдауы – бұған дейін жарияланған бес бастаманың лайықты жалғасы. Себебі сол арқылы ең төменгі жалақы алатын азаматтарға салықтық жеңілдік жасалған болатын.

Бақытжан Әбдірайым, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы:

– Ең төменгі жалақы алатын азаматтарға ерекше қолдау көрсетіліп жатыр. Сонымен бірге салығы да 10 есеге азайды.

Хабар 24 телеарнасы