366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәскеу метросында қазақ суретшісі Ш.Ноғайбаевтың көрмесі ашылды

  • 190
  • UPD: 09:32, 07.10.2018

Ресей астанасы Мәскеудің метросында қазақ суретшісі Шыңғыс Ноғайбаевтың көрмесі ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жолаушылардың портреттері «Воробьевы горы» бекетінде қойылған. «Метродағы кездесулер» атты экспозицияда 150 туынды бар. Суретші ондағы қарама-қарсы отырған адамдарды екі жыл бойы салып келген екен.

Шыңғыс Ноғайбаев, суретші:

– Бұл соңғы салған суреттерім. Алдымен әйелдер, сосын ерлер, кейін отбасылар, ал соңында қала қонақтары тұр. Осындай форматта станция платформасында қойылатынын күткен жоқпын. Көрмеге ешқандай шақыру қағаз керек жоқ, жолаушылардың өздері бәрін көре алады.

Юлия Темникова, метрополитен өкілі:

– Осындай форматта көрме алғаш рет өтіп жатыр, себебі жолаушыларымыздың портреттерін осыған дейін ешкім салмап еді. Бұл жаңа идеяны қуанышпен қолдадық. «Воробьевы горы» бекетінде көрмелерге арналған негізгі алаңымыз орналасқан. Күніне 12 мың жолаушы қатынайды. Көп адам осы көрмені көріп, ләззат алады деген үміттеміз.

Хабар 24 телеарнасы