366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздегі мектептер мен балабақшалар түгелдей бейнебақылау жүйесімен қамтылады

  • 127
  • UPD: 22:21, 06.10.2018

Еліміздегі мектептер мен балабақшалар түгелдей бейнебақылау жүйесімен қамтылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Келешек ұрпақ тәрбиесін жүйелі жолға қою үшін психолог мамандар жұмысын күшейту де күн тәртібінде тұр. Айта кетейік, еліміз бойынша 10 мың 300-ден астам балабақша бар. Оның басым бөлігі – мемлекеттік. Соңғы жылдары жүргізілген қарқынды құрылыс жұмыстарының нәтижесінде балабақшамен қамту көрсеткіші 93 пайызға жетті. Бұдан бөлек, еліміздегі мектептер саны – 7 мыңнан асады. Онда 890 мың бала білім алады. Дегенмен үш ауысымдық және апатты жағдайдағы мектептер мәселесі әлі де өзекті. Түйткілдің түйінін тарқату үшін Елбасы өз Жолдауында Үкіметке 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттен қосымша 50 миллиард теңге бөлуді тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы