360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2019 жылы еліміздің әрбір аймағында жастар үйлері ашылуы мүмкін

  • 320
  • UPD: 22:28, 06.10.2018

Келесі жылы еліміздің әрбір аймағында жастар үйлері ашылуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мәселе бүгін Еуразия ұлттық университетінде өткен жастар форумы барысында талқыланды. Жиынға 14 жоғары оқу орнының студенттері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және жастар ұйымдарының басшылары қатысты. Олар кеше ғана жарияланған Елбасы Жолдауын қызу талқыға салып, ой-пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ форум барысында жастар жылына жоспар жасалып, жүзеге асатын жобалар баяндалды.

Асхат Оралов, Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы:

– Форумның мақсаты – Елбасы Жолдауын жастарға түсінікті тілмен жеткізу. Әр Жолдауда Елбасы әрқашан жастарға баса назар аударады. Бірақ осы Жолдау ерекше болды деп есептейміз. 2019 жыл «Жастар жылы» деп аталады. Жастарға қолдау мақсатында үлкен жобалар іске асырылады деп ойлаймыз.

Иса Тоқтыбаев, ЕҰУ-нің 3 курс студенті:

– Осы өзгертулердің барлығы келесі жылы кең ауқымда болады деп есептеймін. «Рухани жаңғыруға» байланысты жобалардың барлығы тағы да кеңейтілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы