360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жолдау 2018. Астаналықтар не дейді?

  • 171
  • UPD: 23:35, 06.10.2018

Елбасының Жолдауы халықтың көңілінен шықты.

Қарашаның табысын арттырып, тұрмыс деңгейін көтеруге бағытталған стратегиялық маңызды құжат астаналықтарды қуантыр отыр.

БЛИЦ:

– Негізінен Жолдауда көбіне халыққа акцент жасалған. Оның ішінде ұстаздар мен дәрігерлерге, одан кейін полицейлерге көбірек көңіл бөлінетіні айтылды. Сол жағы ұнады.

– Көбінесе мұғалімдерге акцент түсіргені ұнады. Яғни олардың мәртебесін көтеру, олардың мәртебесіне қатысты заң шығару. Сонымен қатар келер жылды «Жастар жылы» деп атаймыз деді. Ол да жастарға жақсы әсер етеді деп ойлаймыз.

– Елбасымыздың айтқаны өте дұрыс деп ойлаймын. Мұғалімдердің, дәрігерлердің мәртебесін, жалақысын көтеру туралы айтып жатыр. Бұл – үлкен бастама. Елбасымызға үлкен рақмет.

– Мұғалімдердің айлықтарын көтереміз деп жатыр. Ол кісіге алғысымыз шексіз.

Хабар 24 телеарнасы