360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қырғызстан: экс-президенттердің дербес құқығы заңға сәйкес болмай шықты

  • 107
  • UPD: 08:53, 07.10.2018

Қырғызстанның бұрынғы президенттерінің дербес құқықтығы туралы заң Конституцияға сай емес деп танылды.

Бұл сауалды мұқият зерттеген Конституциялық Кеңес осындай шешім шығарған. Заң бойынша елдің бұрынғы басшылары не істесе де, оларды жазаға тарту мүмкін болмайтыны анықталды.

Қырғызстан Конституциясы бойынша ел президенті кейбір жағдайда, мысалы, ауру-сырқатына немесе еңбекке қабілетсіздігіне байланысты қызметінен босатылуы мүмкін.  Елдің ата заңында нақты қай жағдайда және қандай жолмен мемлекет басшысын биліктен шеттетуге болатыны жазылған.

Нұрбек Токтакунов, заңгер:

- Демократиясы дамыған елдерде, мәселен Францияда президент лауазымнан кеткенде, оның иммунитеті де аяқталады. Өйткені сот жүйесінің өзі заң бұзушылықты саяси қуғыннан ажыратып береді. 

Қазір Қырғызстан Конституциясында бұрынғы мемлекет басшысын  иммунитеттен қалай айыруға болатыны туралы түк жазылмаған. Конституциялық Кеңес Президент қызметі жөніндегі заң Конституцияға қайшы келіп отыр деген шешім қабылдап, бұрынғы президентті дербес құқықтығынан айыру тәртібін нақты жазуға нұсқау берген.

Рита Карасартова, құқық қорғаушы:

- Бұл сот пен құқық қорғау орындарының реформасына бастау болмақ. Егер қызметінен кеткенде, торға қамалғысы келмесе, президент бәрін заң бойынша істеуі керек.

Бұрынғы президенттердің заң алдында жауапкершілігі туралы дау биыл көктемде басталған болатын. Бішкектегі жылу электр стансасында болған апаттан кейін біраз жоғарғы лауазымды тұлғалар сыбайлас жемқорлық бойынша айыпталып, қамауға алынған еді. Олардың арасында бұрынғы екі премьер-министр бар.  Алмазбек Атамбаев билігі кезінде Қытай үкіметі осы стансаны жөндеуге  400 миллион доллар бөлген. Енді осы мәселені парламент шешуі тиіс. Былтыр көктемде депутаттардың көбісі бұрынғы президенттерді иммунитеттен айыруды қолдаған еді.

Авторы: Бакыт Чермашев

Хабар 24 телеарнасы