366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жолдау. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын ұзарту ел игілігіне қызмет етеді

  • 172
  • UPD: 07:43, 07.10.2018
Жолдау. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын ұзарту ел игілігіне қызмет етеді

Елбасы биылғы Жолдауында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының тиімділігін ескере отырып, бағдарламаны 2025 жылға дейін ұзарту керектігіне тоқталды.

Ол үшін жыл сайын қосымша 30 млрд теңге бөліп отыру керек. «Сонда алдағы 3 жыл ішінде қосымша 22 мың жаңа жұмыс орнын ашуға, одан 224 миллиард теңге салық түсіруге және 3 триллион теңгенің өнімін өндіруге мүмкіндік болатынын жеткізді» дейді Түркістан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы Мадияр Әліпов.

Мадияр Әліпов, Түркістан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы:

- Елбасы биылғы жолдауында бизнес саласына көп көңіл бөліп отыр. Ол «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын тағы да 5 жылға, яғни 2025 жылға дейін создыру. Осы арқылы еліміздегі шағын және орта кәсіпке тың серпін беру, одан әрі дамытуға тапсырма беріп отыр. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласындағы технологияларды жаңарту, жаңа технологияларды пайдалану арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін ұлғайту, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға тапсырма берді.

Хабар 24 телеарнасы