366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Жолдауы Әзербайжанда талқыланды

  • 135
  • UPD: 09:04, 07.10.2018

Қазақстан Президентінің жолдауы өзге елдерде де қызу талқыланып жатыр.

Әзербайжанда Елбасының жолдауында айтылған реформалар Қазақстанның халықаралық беделінің одан әрі өсуіне әсер етеді деп санайды. Ондағы сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның осы уақытқа дейін жүзеге асырған ғаламдық жобалары елді алдыңғы шепке шығарған. Ал осы жолғы жолдаудағы идеялар жемісті реформалардың жалғасы болмақ.

Эльдар Гюнайдын, Әзербайжан-Қазақстан достығы қоғамының президенті:

- Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа жолдауы қоғамның барлық саласына экономика, саясат, мәдениет, білім, денсаулық, халықаралық қатынастарға, қатысты маңызды құжат. Н. Назарбаевтың жыл сайынғы жолдауы Қазақстанның даму барысында қандай үлкен жұмыстарды жүргізіп жатқанын көрсетеді. ТМД елдерінің ішінде алғашқы болып өткізілген ЭКСПО-2017 көрмесі барлығымыздың есімізде. Жалпы Қазақстан аймақтағы жетекші елдердің бірі болып саналады.

Хабар 24 телеарнасы