365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жолдаудағы басымдықтар ауылдағы дәрігер тапшылығы мәселесін шешеді

  • 142
  • UPD: 11:24, 07.10.2018

Келер жылдан бастап учаскелік дәрігерлердің жалақысы 20 пайызға көтеріледі. Елбасы өз Жолдауында медицина қызметкерлерінің әл-ауқатын арттыруды тапсырды.

Ол үшін бюджеттен 5 миллиард теңге қарастырылмақ. Мұндай жаңалықты әсіресе ауылды жерлердегі дәрігерлер жылы қабылдады. Сәйкесінше шалғай елді мекендерде енді кадр мәселесі шешіледі екен.

Нұржан Партизан - Қазақстанға ата қонысын аңсап келген жандардың бірі. Осыдан жеті жыл бұрын Моңғолиядан Солтүстік Қазақстан облысына көшіп келген азаматша бірден учаскелік дәрігер болып қызметке орналасты. Содан бері басы ауырып, балтыры сыздаған бес ауылдың тұрғындарын жалғыз өзі қарап жүр.  

Нұржан Партизан, учаскелік дәрігер:

- Елбасымыздың жолдауына байланысты жас мамандар ауылдық жерге келуге ықпалын тигізеді деп ойлаймын. Неге дегенде оларға жағдай жасылынған. Жалақылары көбейеді. Үймен қамтамасыз етеді. Барлық жағдай бар. Сондықтан мен жас мамандарды шақырамын ауылдық жерлерге. 

Қызылжар ауданында бүгінгі күні 60-тан астам медициналық мекеме бар. Ал жалпы тәжірибедегі учаскелік дәрігерге тұрғылықты мекен-жайы бойынша екі мыңнан астам адам қаралады. Жолдау жүктеген міндеттерден кейін бұл көрсеткіш төмендейді.

Александр Құдайбергенов, Қызылжар аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері:

- Қазіргі таңда ауданымызға 10 маман жетіспейді. Кадр мәселесі біртіндеп шешіліп жатыр. Елбасы жолдауынан кейін алғашқы медициналық-санитарлық көмектің де сапасы артады. Бұл ретте елді мекендердегі медициналық мекемелердің барлығы бүгінгі күні қажетті құрылғылармен қамтамасыз етілді. 

Жалпы облысқа 30-ға жуық жалпы тәжірбиедегі дәрігер тапшы. Аталған мәселені шешу үшін биыл алғаш рет жергілікті бюджеттен қаржы бөліне бастады.

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Биыл Солтүстік қазақстан облысына қарасты ауылдық жерлерге келген 33 дәрігердің әрқайсысына 1,5 миллион теңге көлемінде көтермеақы берілді. Бұл қаражат облыстық бюджеттен бөлінген. Енді сәтін салса, жыл соңына дейін тағы 20 жас маманды ауылды жерге тарту көзделіп отыр.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы