360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде «7-20-25» бойынша баспана алу жолы жеңілдеді

  • 211
  • UPD: 13:24, 07.10.2018

Ақтөбеде  «7-20-25»  бағдарламасы бойынша баспана алу жолдары жеңілдетілді. Өңірде «Қамқор баспана» және «Жас арман» өнімдері жұмыс істей бастады.

Жалпы облыс халықты қолжетімді баспанамен қамту жағынан көш бастап тұр. «Нұр-Ақтөбе» шағын ауданында соңғы салынған үйлер қазір «7-20-25» бағдарламасымен беріле бастады. Жас отбасылары мен мемлекеттік қызметшілер және жекелеген санаттағы адамдар үшін алғашқы жарна екі есеге азайды. Ол үшін жергілікті әкімдік 20 пайыз жарнаның жартысын субсидиялау мақсатында 2 млрд теңге қаржы бөлетін болды. Өңірде бұл бағдарлама бойынша 24 мың адам пәтер алуға ниетті болса, 100-ге жуық  адамның құжаты қабылданды. Елбасының тікелей қолдауымен қолға алынған бағдарлама бойынша өңірде 870 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылуы тиіс.

Қуатбай Дәрібаев, мұғалім:

- Әрине пәтер алғымыз келеді. Жақында ғана үйленгенбіз. Бұрынғыдай студент емеспіз, пәтер жалдап жүретін. Үйленгеннен кейін, отбасы болғаннан кейін, өз үйің болғанға не жетсін. Қазір енді мемлекеттің «7-20-25» бағдарламасы бойынша жеңілдік беріп жатыр. Үй алуға құжаттар дайындап жатырмын. Осы құжаттарды дайындағаннан кейін үй берсе, қуанып қалар едім. Жалғыз мен емес, білім саласында жүрген ұстаздардың барлығы да үйлі болғысы келеді.

Хабар 24 телеарнасы