366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Облыс әкімдері «7-20-25» бағдарламасын субсидиялайды

  • 157
  • UPD: 13:22, 07.10.2018

2023 жылға дейін азаматтарды сапалы әрі қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсаты қойылғаны белгілі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа Жолдауында «7-20-25» бағдарламасына ерекше тоқталды. Облыс әкімдеріне аталған ипотека бойынша бастапқы жарнаны субсидиялау тапсырмасы берілді.

Айта кетейік, жыл басынан бері «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде жалпы ауданы 8 млнға жуық шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Инвестициялар және даму министрлігі ұсынған мәліметке сәйкес, жыл соңына дейін көрсеткішті 12 млн шаршы метрге жеткізу көзделіп отыр. Осы арқылы 250 мыңнан астам отбасы өз тұрмысын жақсарта алады.

Хабар 24 телеарнасы