366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО спортшылары Жолдаудағы басымдықтарға иек артып отыр

  • 106
  • UPD: 14:05, 07.10.2018

Елбасының халыққа арнаған Жолдауында бұқаралық спортты одан әрі дамытуға пәрмен берілді.

Алдағы уақытта Үкімет пен жергілікті әкімдіктерге 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жөнінде тапсырма беріліп, оның қолжетімділігін қамтамасыз ету жүктелді. Осы ретте шығыс қазақстандық спортшылар да бұл игі бастамалардан зор үміт күтіп отыр. Әсіресе ауылдық жердегі спорт тың серпінмен дамиды деген сенімде олар.

Құндыздылық 8-сынып оқушысы Ұлағат Абзалдың күреспен шұғылданып жүргеніне 6 жылдан асыпты. Осы жылдар ішінде облыстық, ел біріншіліктерінде көзге түсіп жүлделі орындарды иеленіпті. Бұрын тар бөлмеде жаттығып келген ол жерлес ағасы Айбек Нұғымаровтың бастамасымен салынған жаңа спорт кешеніне келіп жүр.

Ұлағат Абзал, спорт шеберлігінен үміткер:

- Осы спорт мектебінің салынғанына қуаныштымыз. Іші кең екен. Бізде өскен кезде  енді өзіміздің ағамыз Айбек Нұғымаровтай Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы болғымыз келеді.

Шығыс Қазақстан облысында қазір ауылдық жерлерде спорт түрлерін дамыту жақсы жолға қойылған. Күрес залдарынан бастап, жүзу бассейндеріне дейін салынып жатыр. Кейбір кәсіпкерлер туған жерлеріне тарту ретінде ат спорты мектептерін де салып беріп жатыр. Ал Елбасының биылғы халыққа арнаған Жолдауында бұқаралық спорт түрлерінің дамуына ерекше көңіл бөлінгені болашаққа деген нық қадам деп есептейді шығысқазақстандықтар.

Серік Қоржыкенов, облыстық жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің директоры:

- Мықты спортшылардың көбі ауылдан шыққан азаматтар ғой. Айта кетсек, кешегі күрескен Жоламанов шалқар Үржар ауданының палуаны, Айбек Нұғымаров, Мұхит Тұрсынов Абай ауданының палуандары. Елбасының Жолдауын естіп, 100-ден астам спорт кешендері салынады дегенді естіп, спортқа деген ынтасын көріп отырмыз. Бұл деген спортқа деген үлкен демеу деп есептейміз.

Азат Сарпеков, облыстық Қазақ күресі федерациясының вице-президенті:

- Қазақстан барысы, қазақ күресі өтіп жатса осының бірде бір жылы Шығыс қазақстан облысы оның ішінде Семей қаласы палуандары жүлдесіз қайтқан жолы жоқ. Бұл Шығыс Қазақстан облысының негізгі білімге, спортқа деген кілті деп білеміз.

Шығысқазақстандық спортшылар жазғы және қысқы спорт түрлерінен еліміздің намысын жоғары көтеріп келеді.Жақында ғана Бакуде дзюдодан өткен әлем чемпионатында үржарлық палуан Ерлан Серікжанов күміс жүлдемен оралған болатын.Болашақта ауылдағы спортты дамыту арқылы әлі талай биіктерді бағындырамыз дейді жаттықтырушылар.

Авторлары: Болат Көкенайұлы, Анатолий Тернов, Берік Жобалайұлы

Хабар 24 телеарнасы