366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жолдау аясында СҚО-ның туризм саласы дамиды

  • 128
  • UPD: 15:28, 07.10.2018

Жол түзелсе саяхатшының да мұңы азаяды. Қазақстанда туризмді дамыту бағдарламасы әзірленетін тұста мұның маңызы зор.

Бағдарлама жайлы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында мәлім етті. Мемлекет басшысының айтуынша, елімізде шетелдіктер демалатын табиғи орындар өте көп. Солардың бірі Солтүстік Қазақстан облысындағы Шалқар–Имантау курорттық аймағы. Онда жаз сайын ресейліктер отбасыларымен бірге келіп тынығады. Қазір Айыртау ауданында инвесторларды тарту жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінгі таңда кәсіпкерлерге 65 гектар жер телімі жалға берілді. Сонымен қатар мұнда 10 заманауи демалыс орнын салу жоспарланған. Инвестиция құны – 411 млн. теңге.

Ескендір Елеусізов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Туризм дегенде, оның жолын салу, оның инфраструктурасын жақсарту деген сияқты сондай-сондай мәселелер қолға алынып жатыр. Мынау дамыған елдердің өзі 50–60 проценті экономикасының өзі туризм құрайды екен ғой. Сол сияқты сондай дәрежеге бүгін-ертең жетпегенмен болашақта соған жету үшін Президент мінекей үлкен-үлкен міндеттер қойды.

Хабар 24 телеарнасы