366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорған жастары Жолдаудағы бастамаларды қолдайды

  • 147
Талдықорған жастары Жолдаудағы бастамаларды қолдайды

Елбасы Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында «Жоғары оқу орнынның табыстылығын бағалаудың басты критериі – оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы» деді.

Бүгінде қолында дипломы бола тұра, жұмыссыз жүрген жастар аз емес. Өйткені көбінің алған мамандығына білімі сай келмейді. «Мұндай олқылықты болдырмау үшін, әрине нарықта жоғарғы сапалы білім беруді қамтамасыз ете алатын оқу орындары ғана қалуы тиіс. Президенттің бұл сөзі көңілімізден шықты. Біз оны Елбасының жастардың болашағына алаңдаушылықпен қарауы деп түсінеміз. Ал жас мамандардың өмірден өз орнын табуына «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы ерекше серпін береді деп білеміз, - дейді талдықорғандық жастар.

Құмарбек Милетханұлы, оқушылар сарайының қызметкері:

- «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының шеңберінде жастарды жұмысқа тартайық деген ұсыныс Жолдауда айтылды. Менің ойымша енді бұл өте нақты, жақсы жоба. Әсіресе сол бағдарламаның аясында жастарды кәсіп бастауға оқыту, тегін оқыту, тегін курстар ұйымдастыру, сонымен қатар орта техникум, лицей сияқты білім беру мекемелері арқылы жастарға мүмкіндікті көбейту сияқты жобалары біздің көңілімізден шықты. 

Балжан Жұманбекова, Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің бас маманы:

- Мысалы, өзімді айта кететін болсам, сол бағдарлама арқылы былтыр 6 ай мерзімге практикаға келдім. Бір айдан кейін жұмысқа алындым. Бір жыл көлемінде қызмет атқарып келемін. Көптеген жерлерді аралап келдік жұмыстың арқасында. Елбасымыздың Жолдауы жастарға ерекше серпін береді.

Хабар 24 телеарнасы