366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарлықтар Жолдау жайлы пікірлерімен бөлісті

  • 233
  • UPD: 23:24, 07.10.2018

Ертіс өңірінің жұртшылығы Мемлекет басшысының минималды жалақы көлемін арттыру, ауылдық жерлердегі әлеуметтік қызметтің сапасын жоғарылату, сондай-ақ мұғалімдердің мәртебесін көтеру мәселелеріне қатысты бастамаларын құптайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал студенттер қауымы 2019 жылдың жастар жылы болып жариялануын өздеріне көрсетілген қолдау деп біледі. Аймақта «Серпін» бағдарламасы бойынша оқып жатқан жастар жетерлік. Олардың барлығы осы өңірде сапалы білім алып, тұрақтап қалуға ниетті.  

- Болашақта біздің педагогтардың мәртебесі жоғары болады деп ойлаймын. Өйткені осы «Құрмет» грамоталарымен жақсы ұстаздардың барлықтарын құттықтап жатыр және де осы дәрежені көтеруге Елбасы атсалысқанына өте қуаныштымын. Барлық мұғалімдер қуанышты. Барлық нұсқа ұнады, Елбасыға үлкен рақмет айтамыз.

- Бәрі ұнады. Жақсы өзгерістер болып жатыр. Сол жағынан қатты ұнады. Ақшасын көтеріп жатыр мұғалімдердің. Неше түрлі бағдарламалар шығарып жатыр. «7-20-25» деп, сосын жеңілдіктер ұйымдастырылып жатыр, пайыздарын түсіріп жатыр. Соның бәрі халықтың қамын ойлағаны ғой.

- Әрине, біздің өміріміз жаңағы ақхалаттылардың қолында. Азаматтардың жағдайы жақсарып, жұмысы жақсарды. Келген адамдар да денсаулығын түзетіп отырса, оның барлығы өте жақсы. Соған қуанышты болып отырмын. Ауыл мен қаланың айырмашылығы жоқ. Алған еңбектері бір, тәрбиелеп отырған балалары бір. Отбасылары бар, сондықтан бәрі бірдей болуы керек. Өте дұрыс шешім.

- Әрине, әрқашан Президенттің жолдауын қабыл аламын. Бұл студенттер үшін жақсы жолдау деп айлаймын. Әрине, барлық студенттер өзінің білім алған жерінде жұмыс жасағысы келеді. Призиденттің бұл ұсынысын толықтай қабылдаймын және ол кісіге алғысым шексіз. Жастар жылы болғандықтан көптеген жұмыс атқарады деп ойлаймын. Жастар – еліміздің болашақ тірегі. Сондықтан барлығы жастардан басталады деп ойлаймын.

- Пікірлермен келісемін, үй жағынан, еңбек жағынан. Ұнағаны жастарға орын беру туралы айтты. Жастарға жұмыс істе деді, жақсы оқу, бітіргендерге мамандық бойынша жұмысқа кіргізу жайлы айтты.  

Хабар 24 телеарнасы