366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде 2023 жылға дейін 2 млн адам баспанамен қамтамасыз етіледі

  • 169
  • UPD: 23:24, 07.10.2018

Бұл туралы Елбасы өзінің биылғы халыққа Жолдауында айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президент әкімдерге жергілікті бюджет есебінен жеңілдетілген ипотека бойынша алғашқы жарнаны ішінара субсидиялау мәселесін пысықтауды тапсырды. Бұл мәселені ұстаздар, дәрігерлер, полицейлер және өңірге қажетті басқа да мамандарға тұрғын үй сертификаттарын беру арқылы шешуге болады. Сондай-ақ әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтар үшін ірі қалаларда жалдамалы баспана құрылысын ұлғайту қажет болып тұр. Мұндай шешім 250 мыңнан астам отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы