366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Келесі жылы еліміздегі полиция қызметкерлерінің саны азаяды

  • 175
  • UPD: 23:21, 07.10.2018

Ішкі істер министрлігі сала мамандарының қатарын 10 пайызға қысқартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір Қазақстанда 76 мың тәртіп сақшысы бар. Олардың 16 мыңы күзет саласында еңбек етуде. Қалғаны ел ішіндегі тәртіпті сақтауға атсалысып жүр. Егер реформа аясында полицейлердің саны 10 пайызға қысқаратын болса, онда Қазақстанда 56 мың полиция қызметкері қалуы мүмкін. Осының есебінен өзге қызметкерлердің жалақысын көтеріп, оларды баспанамен қамту мәселесі қолға алынбақ. Елбасы Нұрсұрсұлтан Назарбаев биылғы жолдауында ішкі істер саласына түгегейлі өзгеріс қажет екенін айтты. Ведомство келер жылы реформаға қатысты жоба әзірлеп, Президентке ұсынуы тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Надо образованных взять. Полицейские академии на западе за шесть месяцев готовят полицейских, учат простым приёмам, законам, как обращаться с человеком, надевают погоны и идут работать. А у нас пять лет учим и кого выпускаем? Дать хорошую зарплату юристам, и они будут работать. Во-вторых, надо утвердить новый стандарт полицейского, изменить систему карьерного продвижения, а также подготовку отбора кадров через полицейские академии. Все сотрудники должны пройти переаттестацию. Только лучшие должны остаться, а остальные уйти. И набрать новых людей после аттестации.

Хабар 24 телеарнасы