360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астаналықтардың полиция қызметіне көңілі тола ма

  • 164
  • UPD: 23:21, 07.10.2018

Полицейлердің қызметіне елдің де көңілі алабөтен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірі жақтаса, енді бірі даттап жатады. Анығы, бұл салаға да серпіліс керек. Жұрт сеңдей сірескен жүйені сілкіген кезде ғана оң өзгеріс болады дегенге сенеді. Сондықтан отандастарымыз Елбасы жолдауында айтылған барлық ескертпелерді қолдайтындарын жеткізді.

- Полицейлердің жұмысына көңіліміз толады. Осы Астанада тәртіп сақшылары көп жағдайда тұрғындарға көмектеседі, дер кезінде көмекке келеді.     

- Аттестациядан өтсе, білімді, сапалы, мықты полициялар қалады.

- Олардың халықпен арасы алыс сияқты. Олар бізге қатты жанашырлық танытпайды, керісінше, бізді қорқытатын сияқты. Олардан көмек сұраудың орнына, қашып жүреміз.

- Астана қаласында күнделікті таңғы сағат 8-ден бастап күзет жүреді. Жұмыстарына ризамын. Енді түнгі 11-ге дейін күзетсе екен деймін. 

Хабар 24 телеарнасы