360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістандық кәсіпкер Мемлекет басшысына жеделхат жолдады

  • 261
  • UPD: 23:21, 07.10.2018

Түркістандық кәсіпкер Елбасына алғыс айтып жеделхат жолдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында Түркістан облысындағы сүт өңдейтін компанияның жетістігіне арнайы тоқталған еді. Онда Елбасы «Түркістан облысындағы фирма жаңа заманауи технологияларды пайдаланудың арқасында өнімділікті 2 есеге арттырды» деген болатын. Н.Назарбаев кәсіпкерлерге үлгі ретінде айтқан кәсіпорындағы құрылғылар аса қымбат әрі сапалы. Кәсіпкер кәсібін дамытуға 3 миллиард теңге жұмсап, оның 1 миллард теңгесіне шетелден құрылғы сатып алған. Бүгінде компанияда 70 адам жұмыс істейді. Кешенде 400-ден аса сауын сиыр бар. Тәулігіне 8 тонна сүт өндіреді. Мұндағы жұмыс толығымен роботтандырылған. Алдағы уақытта зауытқа голландиялық технологияны ендіру арқылы өнімділікті еселеуді жоспарлап отыр.

Нұралы Әбішев, сүт өңдейтін компания басшысы:

- Осыдан 4 жыл бұрын Елбасы барлық бизнесмендерді жинап айтқан болатын: «Біз ауыл шаруашылығын жаңа технологиямен өңдеп жұмыс істемей ешқандай бәсекеге жете алмаймыз» деп. Венгриядан мал алып келіп, Швеция елінен құрылғыларды алып келіп, сиырларды робот сауатын фирма құрдық. Жолдауда да Елбасы сол шағын және орта бизнеске тексерілу, салық жөнінде көптеген жеңілдіктерді айтты.

Хабар 24 телеарнасы