366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысының диқандары 17500 т қызанақ жинамақ

  • 223
  • UPD: 23:20, 07.10.2018

Биыл Түркістан облысы Арыс ауданының диқандары 17500 тонна қызанақ жинауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Қазір шаруалар алқап басындағы әр гектардан 60 тоннадан өнім алуда. Сондай-ақ биыл 95 гектарға пияз егілген. Одан да мол өнім жиналып жатыр.

Арыс ауданы Ақдала елді мекеніндегі шаруашылық биыл 295 гектар жерге қызанақ отырғызылған. Қазір көкөністің нағыз піскен кезі. Алғашқы өнімді ауыл тұрғындары қолмен жинап жатыр. Сол үшін әрқайсысы күндігіне 2,5 мың теңгеден ақша алады. Бұл бір жағынан үйде отырған  ауыл тұрғындары үшін табыс көзі болса, екіншіден қыс бойы өздері тұтынан көкөністі осы жерден жинап алады.  

Бұнда қызанақтың голландиялық сорты егілген. Қазір шаруалар әр түптен 10 кг дейін өнім жинап жатыр. Дайын өнім сортталып, арнайы қораптарға салынып, жергілікті базарларға жөнелтілуде. 

Жоғары сұрыпты қызанақ өнімді мол береді. Әрі өте төзімді. Піскеннен кейін де бір айға дейін бұзылмайды. Диқандар қазір әр гектардан 60 тонна өнім жинап жатыр.

Қуанышбай Омар, Агрофирма директорының өндіріс ісі жөніндегі орынбасары:

- Алғашқы піскен өнімдерді облыстың, қаланың халқына тамаққа пайдалану үшін сатып жатырмыз. Өте арзан, келісі 50 теңгеден өтіп жатыр. Ол облыстың орталығындағы базарларға түсіп, қолжетімді бағамен экологиялық таза өнімді халыққа ұсынып жатырмыз.

Жиын-терім жұмыстарының негізгі бөлігі енді басталады. Ол кезде алқапқа техника кіргізіліп, дайын өнім Арыс қаласындағы қызанақ өңдеу зауытына жөнелтіледі. Жалпы, биыл шаруалар 17500 тоннадан аса өнім жинап, 2 жарым мың тонна томат пастасын өндіруді жоспарлап отыр. 

Сапарбай Дәрібайұлы, Арыс қаласы әкімінің орынбасары:

- Жалпы егілген өнімнің 60 пайыздайы жиналды. Одан басқа 3,5 мың гектар жерге бақша өнімдері егілген, оның да қазір 80 айызға жуығы жиналды. Биылғы жылы аса қуанышты жағдайымыз – Ресей мен Еуропадан келіп, алқап басынан артып кетіп жатыр. Қауын-қарбыз, бақша өнімдері жақсы өтті. Халықтың көңіл-күйі жақсы, алдағы жылдары өнім бұдан да көбейе беретін болады.

Жалпы биыл арыстық диқандар 470 гектар жерге көкөніс егіп, оның 95 гектарына пияз отырғызған. Қазір шаруалар пияздың да әр гектарынан 100 тоннадан өнім жинауда. Тіпті алқап басынан тонналап сатып кетіп жатқандар да бар.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Хабар 24 телеарнасы