365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жетісуда ішкі туризмді дамытуға көңіл бөлінеді

  • 168
  • UPD: 23:19, 07.10.2018

Елбасы Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасы аясында еліміздің өңірлері бойынша жаппай мектеп туризмін қайта жаңғырту керек», – деді.

Өйткені ішкі туризмді дамыту жұмыстары балалар мен жасөспірімдер туризмін ілгерілетуден басталады, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл орайда Батыс Қазақстан облысының мол тәжірибесі бар. Облыс орталығы Орал мен ондағы барлық 12 ауданда балалар, жасөспірімдер туризмі және экскурсия орталықтары құрылған. Ал жер жәннатына баланған Жетісу жерінде мұндай туристік орталық екі-ақ ауданда бар. Бірі Еңбекшіқазақ ауданында болса, екіншісі Текелі қаласында жұмыс істеп тұр. «Болашақта мұндай орталықтар барлық өңірлерде құрыла бастайды деген үміттеміз, – дейді жетісулық жастар.

Данияр Бекенов, Талдықорған қаласының тұрғыны:

- Елбасымыз Жолдауында ішкі туризмді дамытуымыз керектігін айтты. Оның ішінде ең алғашқы болып балалар мен жасөспірімдер туризмінен бастау қажет деп айтқан болатын. Себебі балалар кішкентай кезінен бастап экскурсияларға, жорықтарға шыға бастайды.

Жанна Арынбекова, Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің өкілі:

- Қазіргі таңда біздің облыста су туризмі ғана емес, сонымен қатар агротуризм де дамып жатыр. Одан кейін экотуризм бар және тау туризмі дамытылып жатыр. Осы туризмнің түрлері дамуы үшін бізге инфрақұрылымның дамуы қажет.

Хабар 24 телеарнасы