366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ішкі туризмді дамыту үшін салалық бағдарлама дайындалмақ

  • 170
  • UPD: 23:18, 07.10.2018

Қысқа мерзім ішінде Қазақстанда ішкі туризмді дамытуға арналған салалық бағдарлама жасақтау қажет, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол жөнінде Елбасы биылғы Жолдауында Үкіметке тапсырма жүктелді. Атырау мотоклубының жетекшісі Олег Шмальдің пікірінше, бұл – өте өзекті және уақтылы көтеріліп отырған мәселе. Клубта мотокөлікті жанына серік еткен жүзге тарта мүше бар. Олар жыл сайын жүздеген шақырым жол жүріп кең байтақ еліміздің әсем табиғатын тамашалайды. Тарихымен танысып, жаңа достар іздейді. «Мұндай шара туған елді сүюге, оның салт-дәстүрін қастерлеуге шақырады», – дейді мотожорықшылар.

Олег Шмаль, мотоклуб жетекшісі:

- Ішкі туризмді дамыту жөнінде Президент өте дұрыс айтты. Туризм тек қана әсем табиғат арасында тынығу емес, ол – туған тарихты тану, адамдардың тыныс-тіршілігіне қанығу. Әр азамат өзі тұрған өлкенің өткеніне қанығып, құндылықтарын бағалай білсе, патриотизм дегеніміз сол болуы керек. Бұл әсіресе жастар үшін өте маңызды.

Хабар 24 телеарнасы