360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысының тұрғыны ауылына спорт залын сыйға тартты

  • 171
  • UPD: 23:18, 07.10.2018

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында ауылдағы халықтың әл-ауқатын жақсарту тетіктерін қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Әсіресе жергілікті маңыздағы жолдардың сапасы, медицина мен білім беру сапасына баса назар аударылды. Саладағы игі істерді атқарудағы жергілікті қалталы азаматтардың атсалысуы қуантады. Мәселен, Павлодар облысындағы Зеленая роща ауылының тумасы спорт залын салуға қаражат бөлген.

Екібастұз өңіріндегі 400-ге жуық тұрғыны бар Зеленая роща ауылында үлкен қуаныш. Осы мектептен түлеп ұшқан азаматтар бас қосып, туған ауылдарына спорт залын тарту етті. Елді мекенде осы тектес нысан бұрын-соңды болмаған.

Садыбек Қабылтаев, мектептің 1978 жылғы түлегі:

- Елбасы Жолдауында айтылған мәселелер бүгінгі күні өз шешімін тауып жатыр деп есептеймін.  Өйткені елден шыққан азаматтар осы еңбектерін жасап, спорт кешенін беріп жатыр. Өз қаражатынан 35 млн теңге бөліп, елді қуантып жатыр.

Ауыл азаматтарының атсалысуымен Шідерді орта мектебінің жанынан әкімшілік ғимарат ашылды. Мектептен еке есе үлкен нысанда шағын орталық, ІТ-сынып, шахмат сыныбы, мұғалімдерге арналған заманауи кеңсе мен асхана, бас-аяғы 7 кабинет орналасқан. Нысанның құрылысына 50 млн теңге бөлінген.

Алмажай Тілеухан, балабақша тәрбиешісі:

- Жаңа технологиялар бойынша балаларды оқытамыз. Екі жас ерекшеліктері бойынша екі топ, 3-4, 4-5 жас аралығындағы балалар. Шағын орталық бұрын ескі мектептің жанында орналасқан еді. Ол кезде балаларға жағдай жасалмаған.

Соңғы жылдары ауылдан бірде-бір тұрғын көшіп кетпеген, керісінше, дамыған аймаққа жас маман ретінде қоныс аударғандар көбейген. Жомарт азаматтарының әлеуметтік нысандар желісін кеңейткендігі сондықтан.

Нұркелді Қайратов, ақпараттану пәнінің мұғалімі:

- Балаларды толығымен тек «виндоус» ақпараттық жүйесіне ғана емес, андроид сияқты операциялық жүйелерді көздеріне көрсетіп тұрып таныстырамыз.

Елді мекен тұрғындарының 80%-ы ауыл шаруашылығында еңбек етеді. Қалғаны әлеуметтік сала қызметкерлері. Сондықтан жұмыссыздық атымен жоқ деуге негіз бар. Соңғы екі жыл ішінде оннан астам тұрғын үй салынған. Ал келесі жылы орталықтандырылған ауызсу жүйесі салынбақ.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Самат Оспанов және Алексей Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы