366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алдағы екі жылда 4 мың 600 шақырым жол қолданысқа беріледі

  • 124
  • UPD: 07:56, 08.10.2018

Қазақстанда соңғы үш жылда жолдардың 2 мың 400 шақырымы жөнделді.

Бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғасады. Елбасы халыққа Жолдауында: «Алдағы 2 жыл ішінде тағы 4 мың 600 шақырым жол қолданысқа беріледі», – деді. Бүгінде еліміздің шығысында «Өскемен-Рахман қайнары» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Құрылысқа 16 млрд теңгеден аса қаражат жұмсалмақ. Қазір онда 700-ден аса маман жұмыс істеп жатыр. Қолданысқа берілсе, Бұқтырма су қоймасындағы демалыс аумағына жету жеңілдейді және Алтай ауданы тұрғындарының облыс орталығына қатынауы жылдамдайды.

Айдын Майусов, жол құрылысы компаниясының директоры:

– Елді мекендерді байланыстыратын автобандар салынып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын таба берсе, шағын және орта бизнестің тамырына да қан жүгіреді. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын құруға сеп болмақ.

Хабар 24 телеарнасы