360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайлық полицейлер қызмет көрсетудің жаңа форматына көшті

  • 121
  • UPD: 10:57, 08.10.2018
Қостанайлық полицейлер қызмет көрсетудің жаңа форматына көшті

Қостанай облысында жаяу патрульдердің саны екі есе ұлғайып, қоғамдық тәртіпті күзетуге баса мән берілді, деп хабарлайды «Хабар24».

Жаңашылдықтың нәтижесінде бір айда көшедегі қылмыс 28%-ке, бұзақылық 15,2%-ға, көліктен зат ұрлау деректері 22%-ға төмендеген. Алдағы уақытта мұндай жаңашылдықты бүкіл облыс бойынша енгізу жоспарланып отыр.

Михаил Дәуенов, заң ғылымдарының докторы:

– Елдің ішінде болып жатқан жағдай құқық қорғау органдарының әлеуметтік саладағы жұмыстарына қазақстандықтардың көңілі толмай отыр, кемшіліктер жоқ емес. Бұл мәселе тек қаржыға байланысты емес. Осы салада істейтін адамдардың жауапкершілігіне байланысты.

Хабар 24 телеарнасы