366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде полицейлерді баспанамен қамту мәселесі оң шешімін таппақ

  • 147
  • UPD: 13:34, 08.10.2018

Еліміздің тәртіп сақшылары түгелдей қайта аттестаттаудан өтеді, деп хабарлайды «Хабар24».

Оның нәтижесі бойынша үздік деп танылғандар ғана өз қызметін жалғастыруға құқылы. Ал үнемделген қаржыға жалақыны көтеріп, полицейлерді баспанамен қамту мәселесін шешу көзделді. Елбасы өзінің кезекті Жолдауында осындай міндет қойып отыр. Ал енді қабылданатын Ішкі істер органдарын жаңғыртудың жол картасы аясында кадрлық даярлаудың жаңа стандарты қаралып, халықпен жұмыс істеудің тың жүйесі қолға алынбақ. Мемлекет басшысы саланы жаңғырту заман талабы екенін атап өтті. Айтпақшы, еліміздің полициясы енді қызметтік модельге көшіріледі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– У нас сколько юристов ходят. Надо их взять, образованных. В полицейской академии на Западе за 6 месяцев готовят полицейского. Учат простым приемам, закону, как обращаться с человеком. Дать хорошую зарплату этим юристам и они будут работать.

Хабар 24 телеарнасы