360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтаулықтардың бір айлық курстарда тегін оқуларына мүмкіндік бар

  • 179
  • UPD: 11:39, 08.10.2018
Ақтаулықтардың бір айлық курстарда тегін оқуларына мүмкіндік бар

Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру жолында ақтаулықтар мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыстанып жатыр, деп хабарлайды «Хабар24».

Мәселен, облыс орталығында «Жұмыс іздеушілер клубы» құрылған. Бұл бастаманы үкімет емес ұйым жұмыспен қамту орталығымен бірігіп жүзеге асырды. Аймақтық жобаға осы өңірдің кез келген тұрғыны қатыса алады. Олар бір айлық массаж, тігіншілік және аспаздық курстарды тегін оқиды. Сондай-ақ электронды кілт жасау тетіктерін меңгеріп, Еgov.kz порталына түйіндіме қалдыруды үйренеді. Жоба авторлары қысқа мерзімде кәсіптік білім алып, жұмысқа орналасқандар саны күн санап өсіп жатқанын алға тартып отыр. Қазірде оннан аса азамат тұрақты табыс көзін тапқан.

Кирилл Осин, үкіметтік емес ұйым жетекшісі:

– Елбасы Жолдауында жалпыға ортақ еңбек қоғамын құруға барлық қазақстандықтардың атсалысу қажеттігі жөнінде нақты айтылды. Осы бағытта талаптанған азаматқа мемлекеттік органдар тарапынан қолдау бар. Мұның дәлелі ретінде біз қазір қолға алған жобаны айтуға болады. Клуб ашылғалы, жұмыс қызу жүріп жатыр. Тұрғындарды кәсіпке баулып қана қоймай, олардың жұмысқа тұруына да жол ашамыз.

Азамат Жұмағазы, аймақтық жобаға қатысушы:

– Мен осы клубтың ашылуы туралы әлеуметтік желіден оқыдым. Көрсетілген нөмірге хабарласып, өзіме жұмыс таптым. Қазір аспаздың көмекшісі ретінде жұмыс жасап жүрмін. Осы клубты ашқан адамдарға алғыс айтқым келеді.

Хабар 24 телеарнасы