366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның басым бөлігінде күн суытып, қар аралас жаңбыр жауады

  • 444
  • UPD: 12:27, 08.10.2018
Қазақстанның басым бөлігінде күн суытып, қар аралас жаңбыр жауады Белновости

Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы нөлден төмендеп, қар жауады деп күтілуде.

Синоптиктер еліміздегі 9-11 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынады.

«Батыс тропосфералық ағымдар ақырындап солтүстік-батыс және батыс жаққа қарай ауысады. Сондықтан алдағы үш тәулікте арктикалық фронттардың әсерінен республика облыстарының басым бөлігінде жаңбыр жауып, ол қарға ұласып, ауа температурасы 0°С-ден төмендейді», - делінген хабарламада.  

Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн суытып үлгерді. Қазір онда жаңбыр жаууы мүмкін. Алайда жаңбырдың қарға ұласуы тек таулы аудандарда күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы