360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада №40 автобустың бағдары өзгереді

  • 113
  • UPD: 12:40, 08.10.2018
Астанада №40 автобустың бағдары өзгереді astana.gov.kz

10 қазаннан бастап №40 бағдардың жүру сызбасы өзгереді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына!

Жолаушылардың көптеген сұрауымен «Барыс Арена» мұз сарайын және Тұран даңғылы бойындағы жаңа нысандарды көлікпен қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылдың 10 қазанынан бастап №40 бағдардың жүру сызбасы өзгереді: «Теміржол вокзалы» бастапқы аялдамасынан Тұран даңғылы - Керей, Жәнібек Хандар көшесі қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі Тұран даңғылымен тіке, Ұлы Дала көшесіне солға, Қабанбай батыр көшесінен оңға, әрі қарай бұрынғы жүріс сызбасымен қатынайды. Кері бағытта жоғарыда аталған сызбамен жүреді.

Хабар 24 телеарнасы