360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарлық полицейлер заманауи құралдарды кеңінен қолдануда

  • 111
  • UPD: 14:22, 08.10.2018

Құқық қорғау органдарының жұмысына өзгерістер қажет.

Сонымен қатар әр полицей жазалаушы орган өкілі емес, адамның досы һәм ақылшысы болуы шарт. Ішкі істер органдарының қызметін жаңа форматқа көшуді күні кеше Елбасы өз Жолдауында сөз еткен болатын. Істің жаңашыл технологияларсыз ілгерілемейтіні сөзсіз. Бұл бағыттағы жұмыс бірнеше жыл бойы қолға алынып, жемісін беріп отыр. Ертіс өңірінде цифрлық технологияларды енгізудің арқасында әкімшілік және ауыр қылмыстар саны азайып, оларды ашу көрсеткіші артты.

Қоғамда қылмыспен күресте алдыңғы шепте жүретін полицейлер жазалаушы емес, қиын жағдайда көмекке келуші деген түсінік орнығу керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы өз Жолдауында дөп басып айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қызметкерлердің бәрі қайта аттестациялаудан өтуге тиіс. Тек үздіктері ғана қызметін жалғастырады.Үшіншіден, халықпен жұмыс істеудің жаңа заманауи форматтарын енгізіп, полицияны бағалаудың критерийлерін түбегейлі өзгерткен жөн. Полицияның жұмысын сервистік модельге көшіру қажет. Азаматтар санасында полицейлер жазалаушы емес, керісінше, қиын жағдайда көмек көрсетуші деген түсінік орнығуы керек.

Батырбек Елемес Павлодардағы ірі білім ошақтарының бірінде 3 жылдан бері инспектор болып еңбек етеді. Осы уақыт аралығында 1400 оқушының ақылшысына айнала білді. Нәтижесінде мектепте кәмелеттік жасқа толмағандар бөлімінде есепте тұрған бірде бір бала жоқ.

Батырбек Елеме, мектеп инспекторы:

- Ең бастысы - камералар, видеожетондар көп көмектеседі. Бізге және мектеп тарабынан, мұғалімдерге оқушылардың не істеп жүргенін. қадағалауға болады. Тонау, автокөліктер тұрса, далада бөтен. Камералар психологиялық әсер етеді.

Бұл үлгілі полиция учаскесінде әр инспекторға бес мың азаматтан келеді. Мөлтек ауданда 21 мыңнан астам адам тұрады. Бүгінде әр тәртіп сақшысын кез келген тұрғын біледі десек, артық айтқандық болмас. Мақсат та сол – халықтың сенімінен шығу. Қазіргі уақытта полицейлер жұмыстарын жеңілдету үшін цифрлық технологияларды енгізген. Қылмыстың бетін ашуда бейнебақылау камералары мен өзге құралдардың орны бөлек.

Нұржан Тасқарин, қалалық ІІБ оңтүстік полиция бөлімінің учаскелік инспекторы:

- Электронды журналда адамның аты-жөнінен бастап телефон нөмірі, ұлты, тіпті, иелігінде қарудың бар-жоғы туралы толық ақпарат бар. Біз қағазбастылықтан арылдық, өте ыңғайлы. Бүгінде бұл шағын аудандағы тұрғындар туралы мәліметтер жинақталған.

Ішкі істер органдарының қызметін жаңа стандартқа көшу мақсатында жергілікті полицейлер электронды құралдарды қолданып, қағазбастылықтан арылған. Нәтижесінде хаттамаларды толтыру уақыты 4 минутқа дейін қысқарды.

Арман Қаптаев, қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметінің басшысы:

- Біздің қызметтің нәтижесінде 50-ден бастап 100-ге дейін әкімшілік хаттамалар күнде-күнде толтыра береді. Бізде, әсіресе, жол ережелерін бұзу бойынша қолданылып отырады. Сол жерде әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталып, біздің қызметкерлермен базаға бірыңғай енгізіледі.

Бүгінде жергілікті полицияның әр қызметкері, яғни 600-ге жуық тәртіп сақшысы планшеттермен қамтылған. Басымдық жол-патруль қызметіне берілген. Мамандар шаһардың қауіпсіздігін бақылау жүйелерімен қамтамасыз етіліп жатыр. Солардың бірі – ұшу құралдары.

Цифрлық технологиялар ішкі істер органдары қызметінің ажырамас бөлігіне айналды. Мәселен, осындай квадрокоптерлер облыс орталығында кең қолданыста. Ал болашақта аудандық ішкі істер бөлімдері де ұшу құралдарымен жабдықталмақ.

Айта кеткен жөн, бұл заманауи құралдың артықшылығы сол, мыңдаған адамның қатысуымен өтетін шараларда әуеден бақылауға мүмкіндік береді.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Самат Оспанов, Алексей Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы