360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Пікір: Жолдау – еліміздің даму жолындағы тағы бір белес

  • 331
  • UPD: 15:27, 08.10.2018
Пікір: Жолдау – еліміздің даму жолындағы тағы бір белес

Ақтөбеліктер Елбасының Жолдауында жастарға көңіл бөлгеніне қуанып отыр, деп хабарлайды «Хабар24».

Қолжетімді баспана мен кәсіпкерлерге көмек, мемлекет есебінен білім алу гранттары сияқты жеңілдіктер түрлі бағдарламаларда нақты көрсетілген. Көпшілік «Рухани жаңғыру» аясында атқарылған ізгі істердің өскелең ұрпаққа өнеге болатындығына сенімді. Олар «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы еліміздің даму жолындағы тағы бір белесі» деген ойда.

Ақгүл Жөкетаева, қала тұрғыны:

– «Жастар жылы» атауы маңызды. Жаңа отбасын құрған жастарға пайызы төмен мөлшерде үй берілуін қолдаймын. Жастарға жол ашылды. Елдің болашағы жастардың қолында.

Бұқаралық спорт пен дене шынықтыру орындарының қолжетімді болуы еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін қажет. «Сондықтан Мемлекет басшысының Үкіметке және әкімдерге кем дегенде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды тапсыруы аса маңызды», – дейді шымкенттік аяқдоп шебері әрі шаһардағы футбол академиясының басшысы Евгений Шкарин. Мегаполистегі спорт, оның ішінде дене шынықтырумен айналысатын орындар бар болғанымен, бұл миллион тұрғыны бар қалаға жеткіліксіз. «Спорт нысандары көбейетін болса, қоғам денінің саулығы да артар еді», – дейді ардагер маман.

Евгений Шкарин, «Оңтүстік» жасөспірімдер футбол академиясының директоры:

– Президент Жолдауына қатысты айтар болсам, 100 денешынықтыру-сауықтыру кешенін салу еліміздің барлық өңіріне қажет. Себебі ұлттың саулығы маңызды. Дене шынықтыру орындары қолжетімді болу керек.

Хабар 24 телеарнасы