366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістанда үкіметтік емес ұйым өкілдері Елбасы Жолдауын талқылады

  • 211
  • UPD: 15:38, 08.10.2018

Түркістан қаласында үкіметтік емес ұйым өкілдері Елбасының Жолдауын талқылады, деп хабарлайды «Хабар24».

Басқосуға өңірдегі 30-ға жуық қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Олар Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру жолдарын бірлесіп талқылады. Облыста үкіметтік емес ұйымдармен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша бірнеше басқарма мен аудан, қала әкімдіктері жұмыс істейді. Сонымен қатар,ауылдық жерлердегі үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын ширату және қолдау мақсатында облыстың барлық аудан, қалаларында ақпараттық интернет-ресурстық орталықтар ашылған.

Еркімбай Шалтан, қалалық «Шапағат» мүгедектердің қайырымдылық қорының төрағасы:

– Қалада ерікті жастармен тығыз жұмыс жасаймыз. Оларды елін, жерін сүюге, елге қызмет жасауға бағытталған шаралар жасап жатырмыз. Ендігі жылы «Жастар жылы» болатыны жақсы болды.

Ахмет Оспанов, қалалық «Семей ядролық сынақ полигоны» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

– Баспанамыз бар, ақша төлемейміз. 150 адам отыратын мәжіліс залымыз бар. Интерактивті тақта, компьютерлік жүйе де қосылған. Біз мүгедекпіз деп қарап отырмаймыз, қаланың өркендеуіне, өсуіне атсалысамыз.

Хабар 24 телеарнасы