365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада Франция бастамасымен «Цифрлық күз-2018» маусымы ашылады

  • 144
  • UPD: 19:54, 08.10.2018

Цифрлық күз - 2018. Осындай атаумен Астанада Франция Елшілігінің кезекті маусымы басталады.

Қазанның 19 мен желтоқсанның 12-сі аралығында өтетін маусымға өнеркәсіп, білім беру және мәдениет мәселелері арқау болады. Жоспарға сәйкес екі ай көлемінде Астана және Алматы қалаларында көрмелер мен кездесулер ұйымдастырылады. Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтары Франция елінің мәдениеті һәм инновациялық мүмкіндіктерімен таныса алады. Ал цифрлық даму тақырыбындағы шараларға француз елінің белді сарапшылары мен кәсіпорын өкілдері қатысады деп күтілуде.

Филипп Мартинэ, Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:

- «Цифрлық күз» идеясы  осыдан бір жыл бұрын пайда болды. Қазақстан мен Франция үшін бұл жаңа мүмкіндіктер кезеңі. Себебі екі ай бойы түрлі салада ондаған шаралар өткізіледі. Әсіресе, сандық технологиялар тақырыбында үздік жобалардың таныстырылымы болады. 

Нұргүл Мауберлинова, ҚР ақпарат және коммуникациялар министрінің орынбасары:

- Астана мен Париж арасындағы стратегиялық байланыс жақсы. Екі ел арасындағы сауда-саттық қарқынды. Франция біздің негізгі инвесторымыз саналады. Қос мемлекет арасындағы тауар айналымы 1 триллион теңгені құрайды. Алдағы цифрлық күз маусымының аясында бірлескен жаңа жобаларға қол жеткіземіз деген үміттеміз.

Хабар 24 телеарнасы