365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жолдау аясында азаматтың сотқа арыздану мүмкіндігі артады

  • 135
  • UPD: 18:00, 08.10.2018
Жолдау аясында азаматтың сотқа арыздану мүмкіндігі артады

Елбасы биылғы Жолдауында сот жүйесін жетілдіру қажеттігін айтып өтті. Еске салсақ, бұл саладағы реформалар 2016 жылы басталған болатын.

Нәтижесінде қызмет етіп жүрген судьяларға қатысты талаптар күшейтіліп, жаңа әдеп кодексі қабылданды. Азаматтардың сотқа арыз-шағым жасау мүмкіндігі кеңейіп, сала мамандарының кәсіби қызметіне баға берілді. Дегенмен, бұл атқарылған жұмыстар әлі де болса жеткіліксіз. Жыл сайын 4 миллионнан астам азамат  сотта қаралатын іске қатысады екен. Елбасы атап өткендей, уақыт пен ресурстардың орынсыз шығынын талап ететін артық сот рәсімдері қысқаруы тиіс. Бұрын адамдардың жеке өздерінің келуі талап етілсе, қазір оны алыстан жүзеге асыруға болады. Ел шығысында сот саласы замануи технологияларды енгізуге дайын. Мұнда қазірдің өзінде өтініштер онлайн режимде қабылданады. Сот ғимараттарында арнайы терминалдар орнатылған. Құжат қабылдау тәртібі жеңілдетілді.

Олег Чернышов, ШҚО талдау және болжау институтының директоры: 

- Бұл өте маңызды, сол себепті Елбасы бұл мәселеге тағы да тоқталып өтті. Адамдар сот жүйесіне сену керектігін анық ұғынуы керек. Ол сенім артқандықтан сотқа жүгінеді. Яғни ол өзінің, отбасы мен туыстарының өмірі үшін қорықпайды.

Хабар 24 телеарнасы