360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Құқық қорғау жүйесі келер жылы жаңғыртылады

  • 126
  • UPD: 18:57, 08.10.2018
Құқық қорғау жүйесі келер жылы жаңғыртылады

Құқық қорғау жүйесі жаңа жылдан бастап қайта жаңғыртылмақ. Елбасы Жолдауда құқық қорғаушылардың санын азайтып, қызмет сапасын арттыру қажеттігін баса айтты.

Одан үнемделген қаржы сала қызметкерлерінің жалақысын көтеріп, баспана және басқа да әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсалмақ. Сондай-ақ үкіметке полиция қызметінің міндеттерін айқындауды тапсырды. Сарапшылардың пікірінше, тәртіп сақшылары өз міндетіне кірмейтін салалардың жұмысын атқарады. Мысалы, көші-қон полициясы, Төтенше жағдайлар қызметі және Мемлекеттік мекемелерді күзету  құқық қорғаушылардың  міндетті емес. «Мұнымен қатар тұрғындарды қабылдау бөлімі жобасы Республика бойынша енгізілсе дұрыс болар еді» дейді заңгерлер.

Жеміс Тұрмағамбетова, қоғамдық қордың атқарушы директоры:

- Мысалы, ішкі істер министрлігіне қарасты комитет және департаменттердегі кадр, қаржы және құжат беру сынды бөлімдерді алып тастау керек. Ал артық сақшыларды арнайы аттестациядан өткізіп, сапалы қызмет көрсететін құқық қорғаушыларды ғана қалдыру керек. Сонда олар тек қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге міндетті болады.

Хабар 24 телеарнасы