365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жолдау. Қоғамдық қауіпсіздік күшейтіледі

  • 120
  • UPD: 20:57, 08.10.2018

Еліміздің құқық қорғау органдарын келер жылы ауқымды жаңғырту жұмыстары күтіп тұр. Әсіресе сала жұмысын цифрландыруға айрықша басымдық беріледі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев таяуда жариялаған Жолдауында осындай бастама көтерген болатын. Қазірдің өзінде еліміздің шығыс өңірінде «Қауіпсіз аула» жүйесі енгізіліп, тәртіп пен қауіпсіздік қатаң қадағалауға алынды. Соның аясында Өскемен көшелеріне қосымша 1700 бейнебақылау камерасы орнатылады. Яғни олардың саны қазіргіден бірнеше есе артуы тиіс. Жалпы қалалық жедел басқару орталығы арқылы шаһар қауіпсіздігі жіті бақылауға алынған. Бұл жұмыс 97 бейнебақылау камерасы арқылы жүзеге асырылады. Жедел басқару орталығы арқылы биыл полицейлер 73 қылмысты ашып, анық-қанығын білуге мүмкіндік алған. Егер алдағы уақытта «Қауіпсіз қала» жобасы нәтижелі жүзеге асса, шаһардағы тәртіп бұзушылық әлдеқайда азаймақ. Оның үстіне қала көшелеріне жол қозғалысын қадағалайтын қосымша 159 жүйе орнатылады.

Рауан Оралбеков, жедел басқару орталығының аға инспекторы:

- Бейнебақылау камерасының 12-сі қала бойынша орналасқан қоғамдық орындарда, жетеуі мемлекеттік-әкімшілік ғимараттардың ауласында орнатылған және төртеуі қалаға кіретін және шығатын орындарға орнатылған.

Хабар 24 телеарнасы