366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарапайым халықтың Елбасы Жолдауына қатысты пікірі қандай?

  • 168
  • UPD: 21:00, 08.10.2018

Мемлекет басшысы көтерген мәселелер көпшіліктің көңілінен шықты ма? Елдің әл-ауқатын арттыру жолындағы бастамаларға жұртшылықтың берген бағасы қандай?

Осыны білмек болып тілшілеріміз халық арасында сауалнама жүргізіп көрді.

БЛИЦ:

- Құқық қорғау органдарының жұмысы халықтың арасында жоғарғы деңгейде болып тұрған жоқ. Оның да уақыты жетті деп ойлаймын. Осы жүйені реформалаудың. Оның ішінде Елбасымыздың баса айтқаны, ол осы органда жұмыс істейтін адамдардың халыққа жақын болуы. Яғни, өз функцияларын атқарып, қорғауы. Осы мәселе ,әрине, көкейтесті болып табылады.

- Елбасының биылғы Жолдауы ұнады маған. Жолдауда жастарға байланысты көптеген жобаларды айтты.  Мектепке дейінгі балалар мен оқушылардың білім жүйесі, ондағы жоғары сапалы, 21 ғасырға сәйкес техникаларды игеру, ұстаздардың оқушыларға дұрыс техникамен сабақ үйретуі деген сияқты бүкіл мәселелерді қарастырды.

- Шағын және орта бизнесті қолдау бағыты маған ерекше ұнады. Қазіргі күні бұл маңызды факторлардың бірі болып табылады. 

- Қазақстандықтардың минималды еңбекақы мөлшерін 28 мыңнан 42 мыңға дейін көтереді. Тағы бір көңіліме жаққаны – әкімшілік қызметкерлеріне бюджет қаржысын үнемдеу жөнінде айтқаны.

Хабар 24 телеарнасы