360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда Елбасы Жолдауына қатысты жиын өтті

  • 325
  • UPD: 21:01, 08.10.2018

Қоғамға қозғау салған Елбасының биылғы халыққа арнаған Жолдауын жамбылдық жұртшылық та жылы қабылдады.

Жамбыл облысы орталығында «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жоғарыда аталған құжатта көрсетілген мақсат-міндеттерді іске асыруға байланысты актив жиыны өтті. Онда өңір басшысы Асқар Мырзахметов аймақта атқарылатын жұмыстарды баяндады.  Жолдауда көрсетілгендей Елбасы әлеуметтік салаға жұмсалатын шығындардың тиімділігін арттыруға ерекше мән беріп, 5 жыл ішінде білім, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 7,4%-дан 10 пайызына дейін жеткізу туралы міндет қойды. Медициналық қызмет сапасына да ерекше екпін берілді. Бұл ретте Елбасы ең алдымен, әсіресе ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажеттігін тапсырды. Аталған істердің алғышарттары аймақта басталып та кетті. Президент  өңірлік және қалалық инфрақұрылымды жүйелі түрде дамытуды міндеттеді. Осы мақсатқа орай қаржыландыру көлемі де артып отыр. Мәселен,  жергілікті маңызы бар жолдарға 150 миллиард теңгеге дейін, ауылдық  жерлерді сумен қамтуға 100 миллиард теңгеге дейін қаражат бөлінді. Ендігі жерде әкімдер осы қаражаттың есебінен өңірлердегі мейлінше өткір проблемаларды шешуге күш жұмылдыруы тиіс. Айта кету керек, бүгінде бұл бағыттағы жұмыстар өңірде кезең-кезеңмен жүзеге асуда.

Асқар Мырзахметов  облыс әкімі:

- Облысымыздағы 377 елді мекеннің 181-де бүгінгі таңда магистральды газ құбыры болатын болса, сол газ құбыры бола тұра, 88 мың халық сол газға қолын жеткізе алмай отыр. Оның себебі сол магистральды құбырдан аулаға кіргізу  жұмыстарының құнының қымбаттылығында. Енді осы мәселені шешу үшін біз коммуналды мекемеге арнайы лицензия бердік, ендігі жерде ол жердегі жұмыстың құны екі есеге арзандады, соның арқасында жылдың аяғына дейін сол 88 мың халықтың ішінде 50 мың халықты біз газдандырғалы отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы