360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада әлеуметтанушылар Жолдауды талқылады

  • 236
  • UPD: 19:43, 08.10.2018
Елордада әлеуметтанушылар Жолдауды талқылады

Елбасының биылғы Жолдауының жөні бөлек. Үндеуді талқылауға жиылған әлеуметтанушылар осындай пікірімен бөлісті.

Енді әр сала бойынша жүктелген міндеттерді Үкімет орындауға кіріспек. Сонымен бірге құқық қорғау саласын реформалау, коммуналдық төлемдердің тарифін реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселесі Жолдауда толық қамтылды. Мұнан бөлек Қазақстанның аймақтық даму стратегиясына баса мән берілді.

Алуа Жолдыбалина, Қазақстанның әлеуметтік зерттеулер институтының бөлім басшысы:

- Территориалдық даму дегенді Президент өте жақсы көрсетіп отыр. Өйткені, көптеген сарапшылардың пікірінше, бізде диспропорция өте көп. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында аудан әкімінің қарамағында 15 мың адам, оның салмағы бөлек те, жүктемесі бөлек. Ал мысалы, Оңтүстік Түркістан облысында қарайтын болсаңыз, онда бір ауылдың өзінде 48 мың адам тұрады. Ол жақтың ауыл әкіміне жұмыс жүктемесі жаңағы 15 мыңдық ауыл әкімінің жүктемесіне қарағанда күрделірек. Сол сияқты диспропорциялар мемлекеттік басқарудың сапасын төмендетеді.  Ондай нәрсе болмас үшін Президент территориалдық-аумақтық дамуды ретке келтіру керек деп үлкен мәселе қойды. 

Ғазиз Телебаев, Елбасы кітапханасының жетекші ғылыми қызметкері:

- Бірінші бұл прагматикалық түрде жасалған жолдау. Өзі Елбасы «Рухани жаңғыруда» біз сананы өзгерткенде  прагматизм бағытында өзгертуіміз керек деп  айтқан болатын. Өзі соның үлгісін көрсетіп отыр осы биылғы Жолдауында. Екіншіден бқл енді гуманистік жолдау. Бүкіл мемлекеттік саясатының ең қақ ортасында адам тұрады.

Хабар 24 телеарнасы