366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында шұлық шығаратын кәсіпорын Жолдауға қолдау білдірді

  • 176
  • UPD: 21:16, 08.10.2018

Халық көп тұтынатын тауарларды өндіруші отандық кәсіпорындарға жан-жақты әрі кешенді қолдау көрсетілуі тиіс.

Президент Жолдауында айтылған міндеттер сырбойылық кәсіпкерлерге серпіліс беріп отыр.

«Қазақстанда жасалған» сауда белгісі бедерленген тауарлардың нарықта көбеюі салық түсімдерін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізеді» дейді тігін цехының жетекшісі Нұрғазы Болтаев. Мемлекеттен 25 миллион теңге жеңілдетілген несие алған кәсіпкер тәулігіне 400 жұп шұлық шығаратын өндірісті өрбітіп отыр. Жіпті иіріп, өңдеп, тігіп, қаптайтын 6 қондырғыда қазір 5 адам тұрақты жұмыс жасайды. Тауар өндірушілер кәсіпорында өнімнің сапасына жіті көңіл бөлінетіндігін айтады.

Нұрғазы Болтаев, кәсіпкер:

- Шұлықтар басқалардікінен кем емес, Қытайдікінен анағұрлым жақсы. Тауар өтіп жатса, біз жалғыз шұлық емес жасөспірімдерге колготки, гольфи деген бар, жұмысшы қолғабы мен қап тіксек деп. Кәсіпкерлерді қолдау деген Елбасының өте жақсы ісі болып тұр.

Хабар 24 телеарнасы