366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында фермерлер цифрлық технологияларды жүзеге асырып жатыр

  • 121
  • UPD: 21:48, 08.10.2018

Қостанай облысының фермерлері цифрлық озық технологияларды сәтті жүзеге асыруда. Өңірде дәлме-дәл егіншілік жүргізу жобасы 3 мың гектар алқапты қамтып отыр.

Осының нәтижесінде шаруалар екі есе артық өнімге қол жеткізген.

Қостанай облысының диқандары жер игеруде жыл сайын тәуекелге бел буатыны анық. Себебі, өңірде қуаңшылық пен ылғал маусымы қатар жүреді. Жергілікті шаруалар бүгінде кем дегенде төрт миллионнан артық аумаққа дән сіңіреді. Оның тең жартысы нөлдік технологиямен өңделеді. Кезінде бұл бастамаға Заречный ауылындағы шаруашылық түрткі болған. Енді мұндағылар цифрлық технологияларды игеруге көшкен.  Қазір пилоттық тұрғыда 3 мыңдай гектар алқапқа «нақты егіншілік» жасалып, алғашқы өнімге қол жеткізілді.

Асқарбек Тұрғанов, шаруашылықтың бас агрономы:

- Егін екі есе артық берілді бұрынғы нәтижелерге қарағанда. Полигон биыл 24 центнерден берді гектарынан. Бұрын бізде дәстүрлі технологиямен гектарынан 12,1 центнерден берілді.

Шаруашылық дәлме-дәл жер игеруді көктемде бастады. Осылайша, егістік  науқанында 6 миллион теңге қаражат үнемдепті. Бұл ауыл шаруашылығы техникаларына электронды бақылау мен есеп жүргізу құрылғыларын орнату және алқаптарға тың технологияларды қолданудың нәтижесінде мүмкін болды.

Владимир Черненко, шаруа:

- Біз биыл химиялық тыңайтқыштар бойынша 3 мың гектар алқаптан 3,8 млн теңге, ал тұқым бойынша 1,8 млн теңге үнемдедік. Осылайша ғылым мен өндірісті тиімді ұштастырып отырмыз. Бұл заман талабы. Президент өз Жолдауында «ақылды» технологияларды барынша пайдалану қажеттігін атап өтті. 

Алдағы уақытта серіктестік 10 мың гектар алқапты цифрландыруды көздеп отыр. Нақты егіншілікті енгізу мен дамыту үшін шаруашылыққа мемлекет 900 миллион теңге бөледі. Шамамен 700 миллиондай қаражат ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жұмсалады. 

Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Ермек Мұхамедияров

Хабар 24 телеарнасы