366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралдықтар Жолдауға қатысты пікір білдірді

  • 151
  • UPD: 20:58, 08.10.2018
Оралдықтар Жолдауға қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысының биылғы жолдауы аймақтарда да қызу талқыланып жатыр. Болашаққа батыл қадам жасауға мүмкіндік беретін үндеу үлкендерге де, жастарға да ерекше ұнапты.

Едіге Нәбиев, қала тұрғыны:

- Бірінші мына төлемақы немесе жаңағы  еңбекқаны көбейту есе жарымға, 35 процентке деген, ол енді әрбір категорияға байланысты, ол өте қуандырып отыр. Оның үстіне бизнесті көтеру, енді бизнесті көтеру өзіңіз білесіз қазір жекеменшік болып кеті ғой, ол әрбір адамға мүмкіндік беріп отыр, өзімен өзі жұмыс істеп баюына, өзге адамдарға көмек көрсетуіне. 

Азамат Кенжеғалиев, қала тұрғыны:

- Әрбір қазақстандықтың әрбір учаскелік полициядан бастап ішкі істер министріне дейін, Жоғарғы Сот төрағасына дейін кез-келген уақытта кері баланыс әдісімен байланысқа шыға алуы, әрбір полиция қызметкерінің әрбір Қазақстандықтың досына айналуы керек деп Елбасы шегелеп айтты. Енді бұдан әрі қарай сот саласын реформалау, сот жүйесін жаңарту, жаңғырту –  әрбір қазақстандықтың сот органына деген сенімін арттыруға байланысты жақсы тапсырмалар берілді. 

Назерке Тұрарбек, қала тұрғыны:

-  Соның ішінде «7-20-25» бағдарламасы бұл тұрғын үйді алудың тиімді тәсілдерінің бірі деп есептеймін. Жастарға жағдай жасаудың бірден бір жолы деп айтамын, жас отбасылыларға. Сондай-ақ жоғарғы оқу орындарындағы білім критерийлеріне байланысты, бөлінетін гранттардың көптігі, сондай ақ жалақсысы жоғары жұмыстарға орналасу деген заттар айтылған болатын. Сол арқылы еліміз өркендеп, жастар Қазақстанды гүлдендіреді деп ойлаймын.    

Азамат Қобыланбаев, қала тұрғыны:

- Мектепке дейінгі білім беру ісінде үлкен бетбұрыстар болады деген сенімдемін. Егер біз балаларымызға ерте жастан креативті ойлауды үйретіп, бір командада жұмыс жасауға баулитын болсақ, кейінгі буын бізден де жылдам әрі дұрыс шешім қабылдауды меңгерер еді. Және ең бастысы соның бәрін елінің ертеңі үшін жасайтын болар еді.

Ақкербез Асмақова, қала тұрғыны:

- Елбасының халыққа жолдауында кіші және орта бизнесті дамытуды атап өтті. Соның ішінде салық жүйесін барынша оңайлатып, егер негізгі салық мөлшері төленсе үстіндегі  қарыздарын алып тастау жөнінде ұсыныстар айтылған болатын. Бұл кәсіпкерлердің одан әрі бизнесті дамытуына, оны дамыту туралы ниеттеріне жақсы бір талпыныс, серпіліс болатпен ниетпен істелінетін нәрселер.

Хабар 24 телеарнасы