366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында Қиғаш және Жайық өзендерінің түбі тереңдетіліп жатыр

  • 142
  • UPD: 23:04, 08.10.2018

Атырау облысындағы Қиғаш және Жайық өзендерінің түбін тереңдету жұмыстары ауқымды түрде жүргізіліп жатыр.

Соңғы рет бұл өзендерде мұндай жұмыстар өткен ғасырдың 80 жылдары жүргізілген болатын. Жайық және Қиғаш өзендерінің түбін тереңдетудегі  көзделген мақсат – балық жүретін арналарда олардың жойылып бара жатқан бағалы тұқымдарының өсімін ұлғайту, уылдырық шашуына еркін өтуін қамтамасыз ету.

40 жыл ішінде тоғандардағы су апатты жағдайға дейін төмендегенімен қоймай, Жайық өзені шамадан тыс ластанды. Кейбір тұстарында су деңгейі небәрі 40-50 см болып қалған. Арнаның ені 40 метр, қазір соның 25 метрі  2,5-3 метр тереңдікте қазылып жатыр.  

Мақсат Сәдуақасов, «Павлодар өзен порты» АҚ төрағасының орынбасары:

- Біз тамыз айынан бері Қиғаш өзенінің Шарон-Шортанбай тармағында 3 шақырым тереңдікте, теңізге дейін 1 мың метр көлемінде қазу жұмыстарын жүргіздік. Сондай-ақ өзендерді қоқыстан тазарттық. Қиғашта біз 480 мың текше метр жерді қазуымыз керек, осы жоспарды жыл аяғына дейін орындаймыз.

Бұл жұмыстар өзендердің экологиялық жүйесіне зиян келтірмейді. Керісінше өзен түбіндегі шөгінділер өсімдіктердің өсуіне ықпал етеді және балықтың өсуіне оң әсерін тигізеді дейді мамандар. Жергілікті тұрғындар қазу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін аумақтың тазалығын тексеріп, қадағалап отыратын бір мекеме құрылса дейді.

Саясат Зұлқарнаев, Шортанбай ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Бұл өзек балық жүретін өзек. Осыдан енді 126 шақырымды өзінің уақытында бітірсе енді алға қарай осы елді-мекенімізде, ауылымызда, ауданымызда балық өнімі көбейеді деген ойдамыз.

Бұл жұмыстар өзендердің биологиялық алуан түрлілігі үшін қолайлы жағдайлар жасаумен мелиорация және өзен арналарын тереңдетуге бағытталып отыр. Өзендердің түбін тереңдету жұмыстары 2017-2020 жылдар аралығында төрт жылға созылады. Сондай-ақ осы жоба аясында қашықтығы 16,9 шақырым болатын жаңа өзен арнасы қазылады.

Авторлары: Бекен Әлирахым, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы